17 қазан 2018 | 08:43

Атырау облысында 22 вахталық жұмысшы улану белгілерімен ауруханаға түсті

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Турар Казангапов ©Турар Казангапов

Атырау облысында 20-дан астам вахталық жұмысшы тағамнан уланды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысында 20-дан астам вахталық жұмысшы тағамнан уланды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Темірбек Мұсағалиевтің айтуынша, оқиға 16 қазанда кешке болған. 

"16 қазанда сағат 17.30-да департаментке Теңіз мұнай кен орны маңында орналасқан Болашақ вахталық ауылындағы "Монтажспецстрой" АҚ-ның 20 қызметкері тағамнан уланған болуы мүмкін деген хабар келді", - дейді дәрігер.

Оның айтуынша, 22 адам ауруханаға жатқызылған. Оларда гастроэнтероколит белгілері анықталған: жүрек айну, құсу және дене қызуының көтерілуі. Медициналық қызметкердің айтуынша, жұмысшылар Болашақ ауылындағы асханада тамақтанған. 

"Оқиға болған жерге басқарушы орынбасары, тамақтану және эпидемиология бөлімдерінің басшыларынан тұратын мамандар тобы келді. Жағдай бақылауда, эпидемияға қарсы шаралар жалғасып жатыр", - деді Мұсағалиев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети