22 шілде 2022 | 14:48

Атырау облысында әкімнің екі орынбасары қысқартылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысы әкімінің екі орынбасары - Серік Айдарбеков пен Нариман Таушов жұмыстан қысқартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысы әкімінің екі орынбасары - Серік Айдарбеков пен Нариман Таушов жұмыстан қысқартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауында айтылған облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдері аппараттарындағы мемлекеттік қызметшілердің санын оңтайландыру мақсатында Атырау облысы әкімі орынбасарларының шекті саны екі штаттық лауазымға қысқартылды.

Осыған байланысты облыс әкімінің екі орынбасары - Серік Айдарбеков пен Нариман Таушовтың лауазымдары қысқартылды", - делінген хабарламада.

Серік Айдарбеков 2020 жылдың қазанынан бері Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған. Бұл қызметке дейін ол үш жыл Мәжіліс аппаратын басқарған.

Серік Айдарбеков 

Нариман Таушов 2021 жылдың наурызынан бастап облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Ол бұған дейін Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы қызметін атқарған. Ауған соғысының ардагері.

Нариман Таушов

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети