Атырау облысында анасы өз баласынан алимент өндіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атырау облысында анасы өз баласынан алимент өндіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сот отырысында әйел жалғыз баласының оған көмектеспейтінін, ақша тапса да, оны өз қажеттіліктеріне жұмсайтынын айтты, осылайша әйел баласы мен өзінің атына алған несиесін жалғыз төлеп келе жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, ақша жетпейді екен, сондықтан ол өмір бойына ай сайын баласынан 60 мың теңге көлемінде алимент алып отыруды талап етіпті.
Алдын ала отырыста тараптар мәселені медиация тәртібімен шешу туралы келісімге келіпті. Келісім бойынша, жауап беруші оған ай сайын 40 мың теңге көлемінде алимент төлеуі тиіс. Осы көлемдегі алиментке келісім берген әйел өз шағымынан бас тартты.
Азаматтық іс бойынша сот мәселені медиация тәртібінде шешу туралы шешім шығарды. Соттың анықтауы заңды күшіне енді.