Атырау облысында атыстан бір тұрғын қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында атыстан бір тұрғын қаза тапты Фото: ont.by

Атырау облысы Мақат ауданында атыстан 35 жастағы тұрғын қаза тапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысы Мақат ауданында атыстан 35 жастағы тұрғын қаза тапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға 15 мамырда болған.

Ресми емес мәліметке сәйкес, жергілікті тұрғындар арасында жанжал туындап, жаппай төбелес болған. Оның соңы атысқа ұласыпты. Төбелес барысында аңшылық қаруы қолданылған. 35 жастағы ер адам оқиға орнында қаза тапқан. 29 жастағы тұрғын жараланған. Ол аудандық ауруханаға жатқызылған.

Бұл факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 99 бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінге тергеу басталды.

Полиция Мақат ауданының 20 жастағы екі тұрғын іздестіріп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети