Атырау облысында әйелін соққыға жыққан бұрынғы әкім сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында әйелін соққыға жыққан бұрынғы әкім сотталды Фото: gov.kz, видео кадры - instagram.com/umbetkaliyeva_notarius

Атырау облысындағы ауданның бұрынғы әкімі әйелін ұрып-соққаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жоғарғы сотқа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысындағы ауданның бұрынғы әкімі әйелін ұрып-соққаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жоғарғы сотқа сілтеме жасап.

Атырау №2 сотында ауданның бұрынғы әкімі И.Р.-ға қатысты кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелділікте болған адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қаралды (ҚК-нің 107-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы).

"2023 жылғы 31 мамырда Атырауда пәтерде И.Р. және оның әйелі У.А. арасында жанжал болған. Жанжал кезінде И.Р., жәбірленушінің өзіне материалдық тәуелділігін пайдаланып, осы негізде жанжал шығарып, әйелі У.А-ны оң иығынан ұстап, есікті жауып, бөлмеге кіргізген.

Ешкімнің кедергі жасамайтынына көз жеткізіп, денсаулығына қасақана зиян келтіру мақсатында У.А.-ны еденге құлатқан және сол жақ санынан бірнеше рет тепкілеген, соның салдарынан жәбірленуші У.А. 5-омыртқасының сынуы түрінде, ығысусыз орташа ауырлықтағы зақым алған", - делінген хабарламада.

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің айғақтары, сараптама қорытындысы және басқа да дәлелдемелермен дәлелденген.

"Қылмыс жасалған кезде қолданыста болған ҚК-нің 107-бабы 2-бөлігі 3-тармағының санкциясы 2000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе түзеу жұмыстары түріндегі жазаны сол мөлшерде, не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Бұл қылмыс заң бойынша орташа ауырлық дәрежесіне жатқызылады. Сотпен жаза түрін таңдау кезінде И.Р.-ның бұрын соттылығы жоқтығы, мінезі оң сипатталғаны ескерілді. Сот үкімі бойынша, И.Р.-ға 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Жәбірленушінің 20 миллион теңге моральдық шығын өндіру туралы азаматтық талап қоюы ішінара қанағаттандырылып, И.Р. жәбірленуші У.А-ның пайдасына 2 миллион теңге моральдық зиянды өтейтін болды.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети