26 қазан 2017 | 17:12

Атырау облысында бір ай ішінде 50-ден аса браконьерлік көлік құралдары тәркіленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© atyrau.gov.kz © atyrau.gov.kz

25 қазанда Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңірлік орман шаруашылығы және жануарлар әлемі ведомствосының жұмысын және облыстық ІІД балық қорына қол сұғушылық қылмыстарымен күрес бөлімінің жұмысын тексерді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

25 қазанда Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңірлік орман шаруашылығы және жануарлар әлемі ведомствосының жұмысын және облыстық ІІД балық қорына қол сұғушылық қылмыстарымен күрес бөлімінің жұмысын тексерді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру кезінде облыс əкімі орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бекетін, Жайық өзеніндегі шекара қызметін аралады. Өңір басшысын материалдық-техникалық базаның жағдайы, заңсыз балық аулаушыларға қарсы күш құрылымдарының қолданатын əдістері қызықтырды.

Облыстық орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бекетін тексерген Нұрлан Ноғаев барлық мемлекеттік органдар бірлесіп жұмыс істеген кезде Каспий теңізі, Жайық, Қиғаш өзендерінің жағалалауларындағы, Атырау облысының басқа да су айдындарындағы браконьерлікті жоюға болатынын айтты.

Облыстық орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы ның басшысы Данияр Баймағамбетовтің айтуынша, 2017 жылдың 15 қыркүйегінен бастап аймақта заңсыз балық аулаудың алдын алуға бағытталған жедел топ жұмысын бастаған. Күш құрылымдарының өкілдерінен құрылған топ осы уақыт аралығында балық қорғау заңнамасын бұзған 249 фактіні анықтады. 332 балық аулау құралы, 2 тонна 648 келі балық, 26 жүзу жəне көлік құралы, 33 браконьерлік қайық тəркіленді.

Рейд барысында Нұрлан Ноғаев Жайық өзенінің учаскелеріндегі балық аулаушы кооперативтердің жұмыстарымен де танысты. Балық аулаушы кооперативтердің қызметкерлері браконьерлермен күрес шаралары тиімділігін көрсеткенін айтады. Балық қоры молайған.

Атырау облысының əкімі балық қорын сақтау мəселесі мемлекет саясатының маңызды бағыттарының бірі екенін, су маржандарының жойылып кету қаупін заңсыз балық аулаушылардың арттырып отырғанын айтты. Рейд қортындысы бойынша аймақ басшысы күш құрылымдары мен мемлекеттік органдар басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети