Атырау облысында екі центнерден аса балық қырылып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында екі центнерден аса балық қырылып қалды

Атырау облысы Ақбас (Қызтуған) учаскесі маңында Нарын каналының бойында өлі балықтар табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Azh.kz басылымына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысы Ақбас (Қызтуған) учаскесі маңында Нарын каналының бойында өлі балықтар табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Azh.kz басылымына сілтеме жасап. 

"Қазсушар" РМК филиалының бригадалары екі центнерден аса балық жинап, арнайы бөлінген жерлерге көмді. Сонымен қатар, каналды тазартумен айналысты.

Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, Ақбастағы су деңгейі соңғы уақытта қатты төмендеп, мөңке, қаракөз және басқа да ұсақ балық оттегі жетпегеннен қырылып жатыр.

"Махамбет ауданы Ақтоғай ауылынан бастау алатын Нарын каналы 1960 жылдан бері пайдаланылып келеді. Каналдың ұзындығы 200 шақырым, оның 130 шақырымы Исатай ауданына тиесілі. Оның бойында көптеген шаруа қожалығы орналасқан. Осы жылдар ішінде канал бірде-бір рет жөнделмеді, оның өткізу қабілеті төмен, сондықтан балық та өледі", - дейді Исатай ауданы әкімінің орынбасары Еркебұлан Әбілқасымов.

Жақында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Исатай ауданына жұмыс сапары барысында Нарын каналының жағдайымен танысып, оны күрделі жөндеу мәселесін міндетті түрде шешетінін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети