22 мамыр 2023 08:44

Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Доссор - Құлсары - Бейнеу тасжолындағы апат төрт адамның өмірін қиды. Қайтыс болғандар арасында бала да бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lada.kz сайтына сілтеме жасап.


Доссор - Құлсары - Бейнеу тасжолындағы апат төрт адамның өмірін қиды. Қайтыс болғандар арасында бала да бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 20 мамыр түнгі сағат 02:20 шамасында Атырау облысындағы Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 133-ші шақырымында Toyota Ipsum және КамАЗ көліктері соқтығысқан. Апат салдарынан Toyota Ipsum көлігі толықтай өртеніп кеткен. Toyota Ipsum жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан. Екі адам әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Қайтыс болғандардың арасында бала бар екені туралы ақпарат тарап жатыр.

Сондай-ақ, жыл басынан бері Toyota Ipsum көлігінің жүргізушісіне қатысты 10 хаттама – сегізі жылдамдықты асырғаны үшін, екеуі қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін жасалғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта бұл факт бойынша тергеу басталды. Қайтыс болған жүргізуші мен жолаушылар Өзбекстан азаматтары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети