Атырау облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты Видео кадры

Атырау облысында тасжолда екі автокөліктің соқтығысып, 4 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында тасжолда екі автокөліктің соқтығысып, 4 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

17 маусымда республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 10 шақырым тұсында Lada Priora және Toyota Camry автокөліктері соқтығысты.

Соққы салдарынан Lada Priora автокөлігін өртеніп, 1992 жылы туған көлік жүргізушісі мен 2001 жылғы жолаушысы, сондай-ақ, Toyota Camry автокөлігінің 1972 жылғы жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, 1971 жылғы Toyota Camry көлік жүргізушісі алған дене жарақаттары салдарынан ауруханада қаза тапқан.

Toyota Camry көлігінің 2 жолаушысы түрлі дене жарақатымен Мақат аудандық ауруханаға жеткізілді.

"Көлік жүргізушілері назарына! Тасжолдарда басып озу ережесін және жылдамдық режимін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети