17 ақпан 2015 10:35

Атырау облысында жолдар көктайғақ пен тұманға байланысты жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©autoatlas.kz ©autoatlas.kz

Көктайғақ, тұман мен көріну мүмкіндігінің нашарлауына байланысты Атырау облысындағы автожолдардың кейбір учаскесі жабылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазақавтожол" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Көктайғақ, тұман мен көріну мүмкіндігінің нашарлауына байланысты Атырау облысындағы автожолдардың кейбір учаскесі жабылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазақавтожол" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Бүгін, 2015 жылдың 17 ақпаны күні ауа райы жағдайларының нашарлауына (көктайғақ, тұман, көріну мүмкіндігінің нашарлауы) байланысты Атырау облысында мына бағыттар бойынша автокөліктің барлық түрі үшін 16 ақпан күні Астана уақыты бойынша сағат 23.00-де енгізілген шектеулер сақталады: Атырау - Орал автожолының Атырау қаласынан Аққала елді мекеніне дейінгі 5-189-шақырымдардағы учаскесі; Ақтөбе - Атырау - РФ шекарасы автожолының Атыраудан РФ шекарасына дейінгі 616-893-шақырымдардағы учаскесі", - делінген хабарламада. 

"Қазақавтожол" өкілдерінің хабарлауынша, бұған дейін Қарағанды және Қызылорда облыстарындағы автожолдарға енгізілген шектеулер 17 ақпан күнгі сағат 09.30-дағы (Астана уақыты) мәлімет бойынша алып тасталған. Қазіргі уақытта Атырау облысынан басқа өңірлерде көлік жолдарының бәрі ашық. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети