Атырау облысында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен аңшы өлі табылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен аңшы өлі табылды Изображение сгенерировано при помощи нейросети Midjourney

Атырау облысында жоғалып кеткен аңшыны іздеу жұмыстары аяқталды. Ол бесінші күні өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында жоғалып кеткен аңшыны іздеу жұмыстары аяқталды. Ол бесінші күні өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД мәліметінше, 19 желтоқсанда шамамен сағат 15:10-да іздестіру тобы Каспий теңізі жағалауына жақын орналасқан "Ботақан" кен орны аумағындағы қамыс арасынан жоғалып кеткен ер адамның мәйітін тапқан. Қосымша мәліметтер хабарланбады.

Полиция департаменті қазіргі уақытта тиісті тексеру шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.

Еске салайық, 1964 жылы туған ер адам 14 желтоқсанда аңға кетіп, Атырау облысындағы "Ботақан" кен орны маңында хабар-ошарсыз кеткен. Аталған аумақ Құлсары қаласынан 65 шақырым, Атырау қаласынан 100 шақырым қашықтықта орналасқан.

Ер адамның жоғалып кеткені туралы жазбаны әлеуметтік желілерде отбасының таныстары жариялаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети