Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Ж.Қаражанов өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы алынып жатқан шаралардың жаңа форматта жүргізіліп жатқандығы, оның ішінде ашықтық, жастардың санасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік ойын қалыптастыру мақсатында жүргізілудегі жұмыстар жөнінде атап өтіп, дін өкілдерімен бірлесіп жасалатын жұмыстарға тоқталып өтіп, ұсыныстар берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР МҚІжСЖҚІҚА Атырау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл 10 сәуірде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті мен облыстық дін істері басқармасының бірлесіп ұйымдастыруымен діннің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі ролі бағытында діни ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Атырау облысы бойынша филиалының тыңдаушыларын және мемлекеттік органдардың басшыларын қатыстыру арқылы семинар-кеңес өткізілді.
Кездесу барысында түрлі діни ұйымдардың жетекшілері сыбайлас жемқорлықтың қоғамға келтіретін залалын айтатын әр діннің рөлі жөнінде өздерінің пікірлерін айтып өтті.
Атырау қаласының "Әт-тақуа" мешітінің Бас имамы Ө.Тлеуов өз сөзінде жемқорлықтың қатер екенін қазақтың даналары Шәкәрім мен Абайдың сөздерімен айта келіп, бұл кеселдің қоғамға, мемлекетке, болашағымызға рухани кедергі екенін атап өтті.
Сол секілді, Орал Епархиясының Өспен соборының приходы, жергілікті православиялық діни бірлестігінің басшысы А.Козулев православтық діни әдебиеттерде адалдықты, әділдіктің адамзаттың рухани байлығының бастысы екенін атаса, Рим-Католиктік Атырау апостолдық әкімшілігінің басшысы С.Дариуш жемқорлықпен күресуде қоғаммен, мемлекетпен бірге барлық діни өкілдер бірігу керектігін айтты.
Дін өкілдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған шаралары жөнінде Атырау облысы Дін істері басқармасының, "Ақпараттық - талдау орталығының" басшысы М.Құбышев баяндама жасады
Семинар-кеңесті қорытындылай келе Агенттіктің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Т.Жұмағұлов қатысушыларға алғысын білдіре отырып, жылдан жылға діни уағыздарды тыңдаушылар санының көбеюіне байланысты діни өкілдермен бірлесіп жасалатын жұмыстың ерекшелігін атап өтті.