Атырау облысында тағы бір жер дауы туды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© azh.kz © azh.kz

Атырау облысында тағы бір жер дауы туды, Тасқала аулының 100-ден аса тұрғыны "ЭлитСтрой" ЖШС жеке компаниясының карьер жұмыстарын жүргізуіне қарсы болып, митингіге шықты, - деп хабарлайды "Ақ Жайық" порталы. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысында тағы бір жер дауы туды, Тасқала аулының 100-ден аса тұрғыны "ЭлитСтрой" ЖШС жеке компаниясының карьер жұмыстарын жүргізуіне қарсы болып, митингіге шықты, - деп хабарлайды "Ақ Жайық" порталы. 

Портал мәліметінше, одан бөлек, ауыл маңында тағы екі карьер орналасқан. Оның бірі Иманғали Тасмағамбетов Атырау облысының әкімі болған кезінде жабылған. Екіншісі қараусыз қалған.  

"Солай қолданып, бұл карьерді де қалдырып кетеді. Ешкім сұраған да жоқ, ешкім ескертпеді де. Бұл жерде адамдар тұрады ғой, бізден не үшін сұрамайды?", - деді зейнеткер Гүлсім Нәубетова. 

Ауыл тұрғындарының сөзінше, ірі жүк көліктері Тасқаладан Атырауға құм таси бастаған, тіпті олар өтетін көпірді қиратып үлгерген. Оларға құмды ауыл арқылы алып өтуге тыйым салынған, айналма жол белгіленген, алайда жүргізушілер бұл тыйымды елемейтін көрінеді. 

"Карьер қоршаған ортаға ғана емес, адам денсаулығына да зиян келтіреді, келтіріп те жатыр. Жел соқса күнде осы, біз сол шаңмен демаламыз. Одан бөлек, мал жаятын орын да қысқарып қалды. Неліктен қоғамдық талқылау жүргізілмеді? Конституцияда жер халыққа тиесілі екені жазылған және біз өз жерімізді қорғаймыз!", - дейді ауыл тұрғыны Абай Уәли.  

Ауыл тұрғындары наразылығын шенеуніктер мен жеке компания өкілдерімен кездесуде жеткізді. Кеңөзек ауылдық округінің әкімі Ернар Өтешқалиев "ЭлитСтрой" ЖШС компаниясының құжаттары заңға сәйкес екенін айтады.  

"Жер бөлінерден бұрын құзырлы органдар оны зерттеп, жан-жақты тексеріс жүргізді", - дейді әкім.  

Әкімнің сөзін ЖШС өкілі Ғаділбек Өмірзақов та, Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орнына келген Қадыржан Арыстан да растап отыр. 

"Бұл жерлерді жалға беру облыс әкімінің қаулысымен бекітілді. Біз өзгерте алмайтын нормативтік құжаттар бар, себебі оны тек орталық деңгейде жасауға болады. Біз Мәжіліс депутаттарынан елді мекендер маңында карьерлер қазуға тыйым салуды сұрауымыз керек. Бұл мәселені тек осылай шешеміз", - деді Қадыржан Арыстан. 

Сонымен қатар, ауыл тұрғындары тілшіге арнайы құжатты көрсеткен, оған сәйкес былтыр қаңтарда Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Тасқала аулының маңында карьерлік жұмыстарды жүргізуге рұқсат берген. Ол облыс әкімінің сол кездегі орынбасары Айгүл Әжіғалиевпен, Айбек Крамбаевпен, Серік Қапеновпен, Ержан Абылхановпен, Әлібек Нәутиевпен және басқа да лауазымды тұлғалармен келісілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro