Қазақстандық сейсмологтар ошағы Атырау облысы аумағында орналасқан жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық ұлттық дерек орталығының жедел дерегіне сүйенсек, жер асты дүмпуі 10 сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 01:40-та тіркелген. Эпицентрі Құлсары қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 120 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісінің магнитудасы - 4,3. Энергетикалық класы - 9,1.
Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түспеген.
Еске салайық, 2025 жылы 28 наурызда түнде Жамбыл облысының бірқатар ауданы мен Тараз қаласында жер сілкінісі тіркелді.
Жер асты дүмпуінің жоғары қарқыны 5 балл болды. Бұл Меркі ауданындағы Меркі ауылында тіркелді. Т.Рысқұлов ауданының Құлан ауылында жер сілкінісінің күші 4 балл, Тараз, Шу қалаларында, Қордай, Мойынқұм аудандарында 2 балл болды.
Астана уақытымен сағат 15:56-да тағы бір жер сілкінісі болды.
Бұған дейін Үкіметтік жұмыс тобы жағдайды сараптап, бағалау және шара қолдану үшін Жамбыл облысына жіберілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!