©Нұрғиса Елеубеков
Атырау облысының Жылыой ауданында үш бала пеш иісінен уланып қайтыс болды деп хабарлайды Tengrinews.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел мәліметі бойынша. Қайғылы оқиға Жаңа Қаратон елді мекенінде тіркелді. Табиғи газға қосылған жеке үйлердің бірінде пештегі ақаудың салдарынан 2004, 2008 және 2010 жылы туған үш балаға иіс тиіп, олар сол жерде қайтыс болды. Атырау облысында екі күн бұрын дәл осындай оқиға Қызылқоға ауданындағы Тайсойған елді мекенінде болған еді. Табиғи газбен жылытылатын жеке үйлердің бірінде ақаулы пештен иіс бөлініп, 1986 жылы туған қыз бен 2007, 2008, 2011 жылдары туған үш сәбидің өмірі қиылған болатын. 1978 жылы туған тағы бір адам ауруханаға түсті. Айта кетейік, Төтенше жағдайлар министрлігінің 2013 жылы болған төтенше оқиғаларға жүргізілген талдауына қарағанда, былтыр пеш иісінен барлығы 247 адамның өмірі қиылған. Мамандардың айтуынша, мұндай қайғылы оқиғаларға, негізінен, пешті пайдалану және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау себеп.
Атырау облысының Жылыой ауданында үш бала пеш иісінен уланып қайтыс болды деп хабарлайды Tengrinews.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел мәліметі бойынша.
Қайғылы оқиға Жаңа Қаратон елді мекенінде тіркелді. Табиғи газға қосылған жеке үйлердің бірінде пештегі ақаудың салдарынан 2004, 2008 және 2010 жылы туған үш балаға иіс тиіп, олар сол жерде қайтыс болды.
Атырау облысында екі күн бұрын дәл осындай оқиға Қызылқоға ауданындағы Тайсойған елді мекенінде болған еді. Табиғи газбен жылытылатын жеке үйлердің бірінде ақаулы пештен иіс бөлініп, 1986 жылы туған қыз бен 2007, 2008, 2011 жылдары туған үш сәбидің өмірі қиылған болатын. 1978 жылы туған тағы бір адам ауруханаға түсті.
Айта кетейік, Төтенше жағдайлар министрлігінің 2013 жылы болған төтенше оқиғаларға жүргізілген талдауына қарағанда, былтыр пеш иісінен барлығы 247 адамның өмірі қиылған. Мамандардың айтуынша, мұндай қайғылы оқиғаларға, негізінен, пешті пайдалану және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау себеп.