Атырау облысында вагондар рельстен шығып кеткен теміржол учаскесінде кезінде жөндеу дұрыс жүргізілмеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің төрағасы Әсет Асаубаевқа сілтеме жасап.

"Бүгінде тексеру жүргізіліп жатыр, оқиғаның себептері анықталуда. Аталған жол бөлігінде жөндеу жұмыстарының регламентті бұза отырып жасалғаны алдын ала белгілі болды. Оған қоса, басқа да нұсқалар қарастырылып отыр: вагондардың, арбалар мен жұп дөңгелектердің өзі тексеріліп, тиісті сараптама жүргізіліп жатыр, - деді Асаубаев Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында.
Еске салайық, 19 сәуірде Алматы - Атырау бағытындағы №41 жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, вагондар аударылған еді. Төтенше оқиға кезінде пойызда 580 жолаушы болған. Апаттан 27 адам зардап шекті. Бас көлік прокуратурасы бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады.