Атырау облысындағы ерлі-зайыптының өлімі: Индонезия полициясы тұтқындудың мән-жайын ашты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысындағы ерлі-зайыптының өлімі: Индонезия полициясы тұтқындудың мән-жайын ашты

Атырау облысы Жангелдин ауылында жоғалған отбасыға қатысты жаңа дерек шығып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Атырау облысы Жангелдин ауылында жоғалған отбасыға қатысты жаңа дерек шығып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Индонезия полициясы күдікті қалай ұсталғанын жариялады. Мәліметке сүйенсек, Индонезияның Солтүстік Ломбок аймақтық полициясы Интерполдың қызыл хабарламасы бойынша халықаралық іздеуде жүрген 29 жастағы Қазақстан азаматын ұстаған.

"Ол Сенару ауылындағы қонақүйлердің бірінде қолға түсті. Тінту кезінде күдіктілерден төлқұжаттар, ұялы телефондар және халықаралық банк карталары тәркіленді. Ол әзірге Солтүстік Ломбок полиция бөлімінде қамауда отыр", - деп жазылған мәліметте.

Еске салайық, бұған дейін Ішкі істер министрлігі Атырау облысында екі адамды өлтірді деген күдіктінің Индонезияда ұсталған сәтінің видеосын жариялады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.69  course down  588.2  course down  6.46  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети