Атырау облысындағы ерлі-зайыптының өлімі: күдіктінің Индонезияда ұсталған видеосы пайда болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысындағы ерлі-зайыптының өлімі: күдіктінің Индонезияда ұсталған видеосы пайда болды видео кадры

Ішкі істер министрлігі Атырау облысында екі адамды өлтірді деген күдіктінің Индонезияда ұсталған сәтінің видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ішкі істер министрлігі Атырау облысында екі адамды өлтірді деген күдіктінің Индонезияда ұсталған сәтінің видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан ІІМ қызметкерлері шетелдік әріптестерімен өзара іс-қимыл барысында күдіктіні Ломбок аралындағы Сенару ауылында ұстағаны хабарланды. Онымен бірге бұрынғы жұбайы да анықталғаны айтылды.

Айта кетейік, 24 ақпанда ҚР ІІМ күдікті Индонезияда ұстағаны белгілі болды.

Мән-жайы

Сұмдық қылмыс Жангелдин ауылында болған. Онда өткен күзде бүтін бір отбасы түгелдей жоғалып кеткен. Қаңтардың басында олардың үйіндегі қорадан зейнеткер ерлі-зайыпты өлі табылды. Ал олардың 33 жастағы ұлы мен 35 жастағы қызы әлі күнге дейін табылған жоқ.

Марқұмдардың туыстары 66 жастағы Мақсот Қарабалин мен оның жұбайы қаза тапқаннан кейін де олардан аудиохабарламалар алып отырғандарын айтты. Сондықтан ешқандай күдік те туындамаған көрінеді.

Марқұмның інісі Шалқар Мұқанғалиевтің айтуынша, ерлі-зайыпты өмірден өткен болуы мүмкін деген күннен кейін де отбасылық чаттарға хабарламалар келіп тұрған. Осындай аудиохабарламалардың бірі 7 қарашада келген. Бірақ жақындары бұл уақытта ерлі-зайыпты қайтыс болғанына сенімді.

Тек 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына қала тұрғынынан ағасы мен оның отбасы бір айдан аса уақыттан бері хабар-ошарсыз кеткені туралы арыз түскен.

6 қаңтарда ерлі-зайыпты өлі табылды. Кейін Жангелдин ауылында қайтыс болған ерлі-зайыптының өліміне байланысты күдіктіге іздеу жарияланды. Күдікті - Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Бұл оқиғаға өзге де адамдардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

qamqor.gov.kz

Сұлтан Сәрсемалиевті іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелген. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысының Полиция департаменті жүргізді.

Атырау облыстық Полиция департаменті күдіктіге халықаралық іздеуге жарияланғанын мәлімдеді. Күдіктінің әйелі, яғни жоғалған Мұқанғалиевтер әулетінің кенже қызы Ақбаянды да халықаралық деңгейде іздеу жарияланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.69  course down  588.2  course down  6.46  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети