Фото Кaz.gazeta.kz
Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамедов әйелдердің халықаралық мейрамы қарсаңында Ұлы Отан соғысы ардагерінің жесірі, мерекеде жүз жасқа толатын Жамал Неталиеваға пәтер кілтін табыстады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 1914 жылы туған әжейді облыс әкімі арнайы құттықтап, денсаулық тіледі. Ғасыр жасаған қария бүгінде қызының қолында тұрады. Пәтерге қол жеткізу үшін тоғыз жыл бойы кезекте тұрған екен. Бақтықожа Салахаддинұлы 99 жасқа толған Анфиса Зарщикованы да әйелдер мерекесімен құттықтап, бағалы сыйлықтарды табыстады. Өңірдегі қыз-келіншектерді төл мейрамымен құттықтаған аймақ басшысы әлеуметтік сала бойынша оларға қамқорлық жасалып отырғандығын айта келе, өңірде әйелдердің өмір сүру деңгейінің жоғарылап келе жатқандығын тілге тиек етті.
Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамедов әйелдердің халықаралық мейрамы қарсаңында Ұлы Отан соғысы ардагерінің жесірі, мерекеде жүз жасқа толатын Жамал Неталиеваға пәтер кілтін табыстады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
1914 жылы туған әжейді облыс әкімі арнайы құттықтап, денсаулық тіледі. Ғасыр жасаған қария бүгінде қызының қолында тұрады. Пәтерге қол жеткізу үшін тоғыз жыл бойы кезекте тұрған екен.
Бақтықожа Салахаддинұлы 99 жасқа толған Анфиса Зарщикованы да әйелдер мерекесімен құттықтап, бағалы сыйлықтарды табыстады.
Өңірдегі қыз-келіншектерді төл мейрамымен құттықтаған аймақ басшысы әлеуметтік сала бойынша оларға қамқорлық жасалып отырғандығын айта келе, өңірде әйелдердің өмір сүру деңгейінің жоғарылап келе жатқандығын тілге тиек етті.