17 қазан 2014 | 13:21

Атырау облысының әкімі қызметкерлерінің жемқорлығына бола жұмыстан кетпейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бақтықожа Ізмұхамбетов. ©Тengrinews.kz Бақтықожа Ізмұхамбетов. ©Тengrinews.kz

Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов егер өз қарамағындағы адамдар сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша сотталар болса, ол үшін қызметтен кетуге тырыспайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов егер өз қарамағындағы адамдар сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша сотталар болса, ол үшін қызметтен кетуге тырыспайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистер Ауыл шаруашылығы министрінің бұрынғы орынбасары Мүсілім Өмірияевтің жемқорлық қылмысы үшін сотталуы мен министр Асылжан Мамытбековтің қызметтен кету жөніндегі уәдесін мысалға келтіре отырып, әкімнен егер оның қарамағындағы адамдар жемқорлыққа барғаны үшін айыпталса не істейтінін сұрады.

"Жұмыстың аты - жұмыс, жемқорлықты қасақана жасау - бір басқа, жұмысыңда қателіктің кетуі - бір басқа. Кез келген қателік жауапкершіліктен босатпайды, ондай да болуы мүмкін. Сондықтан егер біреу қателесіп жатса, жауапкершілікке тартылады, мен ол үшін отставкаға кетуге өтініш бермеймін, сіздерге бірден айтайын. Әркімнің өзі жауап беруі керек, менің қағидам сондай. Мен орынбасарларымнан бастап, әр жұмысшыма: "Әркім өз сөзі мен ісіне жауап береді" деймін. Әр адам бұл тәртіпті мәңгілікке есте сақтауы керек", - деді әкім Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Әкімге мынадай да сұрақ қойылды: "Сізге Рысқалиевтің ұйымдасқан қылмыстық тобынан кейін сондай мұра қалды, енді Қарағанды облысының бұрынғы әкімі ұсталды, соған байланысты Сіз өз аппаратымды бұрынғы қызметкерлерден қаншалықты тазарттым деп әуре болудан қорықпайсыз ба, егер сыбайлас жемқорлыққа қатысты қудалаулар сіздің аппаратыңызға да жетсе, не істейсіз?"

"Аппаратты тазартуға келсек, мен бұл жұмыспен айналыспағанымды айтқым келеді, оны құқық қорғау органдары жүргізді. Әрине, үлкен өкінішке қарай, жіберілген олқылықтар, кемшіліктер үшін жауапкершілікке тартылып жатқан адамдар өте көп. Менің жұмысшыларыма келсек, бірден айтайын, олардың адалдығы туралы 100 пайызға кепіл бере алмаймын, өйткені адамдар әртүрлі, "Жұмыс істемейтін адам ғана қателеспейді" деген мақал бар", - деді Атырау облысының әкімі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети