07 наурыз 2017 | 10:19

Атырау облысының әкімі үркіту-қорқыту мәніндегі хаттардың түсіп жатқанын мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев құқық қорғау органдарынан және әкімдік өкілдерінің тарапынан браконьерлерге "жебеушілік көрсету" туралы ескертулердің түсіп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды ATPress.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев құқық қорғау органдарынан және әкімдік өкілдерінің тарапынан браконьерлерге "жебеушілік көрсету" туралы ескертулердің түсіп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды ATPress.kz.

"Құқық қорғау органдары басшыларынан және әкімдік өкілдерінің тарапынан жебеушілік көрсету деректері бар. Көптеген хаттар аламын, онда ашық немесе аноним түрде осы деректер айтылады. Тағы да хабарлаймын, әрбір адам жеке жауапкершілік арқалайды. Ешқандай жебеушілік болмауы тиіс, осы мәселені шешулеріңізді сұраймын. Өздерінің үш-төрт қайығын беретінін айтады, сосын оған тиіспейді", - деді өңір басшысы Атырау облыстық прокуратурасындағы координациялық кеңес отырысында. 

Жиынға Атырау қаласының әкімі, облыс әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдарының басшылары, балық аулау және өңдеу кооперативтері өндірістерінің жетекшілері және басқа да органдардың өкілдері қатысты. 

Кездесуде кәсіпкер Әбдібек Бисенов атыраулық өндіруші кооперативтеріне мердігер болып жалданып, аулау маусымында заңсыз балық аулап жүрген ресейлік балықшыларға қатысты шара қолдануды сұрады. Айтуынша, өткен жылы Құрманғазы ауданында осылайша Астрахан облысының 30-40 қайығы балық аулаған. Ал биыл алдағы балық аулау маусымында олар тағы да кейбір қазақстандық кооперативтермен келісім жасап жатыр-мыс.  

"Мұнда шекарашылар бар, бұл сіздерге де қатысты. Құқық қорғау қызметтеріне айтқан жебеушілік туралы сөз сіздерге де қатысты. Нақты белгілері бар. Астрахан облысынан келіп, біздің табиғат пайдаланушыларымызға жалданса, неліктен олар шекарадан асып, тауарды әкетіп жатыр? Міне сұрақ. Әскери прокурор, бұл сізге де қатысты. Әркім өз өкілеттігінің аясында айтылған ұсыныстарды ұғып, айналысуы керек", - деді Ноғаев. 

Облыс басшысы алқа қабылдаған шешімге кедергі келтірген немесе құлақ аспаған кез келген лауазымды тұлғаға шара қолданудың жолын табуға уәде берді. Сонымен қатар, әкім шенеуніктерді қорқытып, отбасыларын өлтіріп кететінін айтып жүргендердің ісі туралы көптеген шағым түсіп жатқанын айтты. 

"Браконьерлікпен күрес амалдарын қатаңдатқан соң маған Facebook желісіндегі жазбаның пікірлерін оқытты. Онда былай делінеді: "Иә, әкімдік дұрыс бағытта жүріп келеді, бастысы Ноғаевты Еділ өзеніне тұншықтырып өлтірмесе болғаны". Бұл да өзіндік қорқыту ғой", - деп келтіреді әкімнің сөзін "Мой Город". 

"Арнайы органдар мен құқық қорғау органдарынан осы мәселемен айналысуды сұраймын. Ерікті түрде қызмет етіп, қорықпай, мемлекет қолдауына сенетін мемлекеттік қызметшілерге қатысты осындай қорқытып-үркіту мәніндегі сөздерді тарататындарға төтеп беру керек", - деп мәлімдеді Ноғаев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети