Атырау облысының бұрынғы бас санитар дәрігерінен COVID-19 анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысының бұрынғы бас санитар дәрігерінен COVID-19 анықталды Фото: atpress.kz

Ұлттық сараптама орталығының Атыраудағы филиалының директоры, Атырау облысының бұрынғы бас санитар дәрігері Темірбек Мұсағалиевтан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық сараптама орталығының Атыраудағы филиалының директоры, Атырау облысының бұрынғы бас санитар дәрігері Темірбек Мұсағалиевтан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін коронавирусты анықтауға тапсырған сараптамамның нәтижесі шықты. Таяуда мен COVID-19 жұқтырған науқаспен байланыста болдым. Өкінішке қарай, тест вирус барын көрсетті. Мен барлық санитарлық талапты орындағаныммен - маска тағып, қолғап киіп, қолымды дезинфекцияласам да осылай болды", - деп жазды ол Facebook желісіндегі парақшасында.

Оның айтуынша, 25 наурыздан бастап ол Атырауда, кейін Теңіз кен орнында болған.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 15 877-ге жетті, ал қайтыс болғандар саны - 97.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.12  course down  603.32  course up  6.44  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети