Атырауда кәмелетке толмаған бала ешкімнің қарауынсыз қаланың орталық көшелерінде жүрген, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".
Атырауда кәмелетке толмаған бала ешкімнің қарауынсыз қаланың орталық көшелерінде жүрген, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".
Полицейлер баланы Сырым Датұлы көшесінен тапқан. Қатты қорқып қалған бала ата-анасының есімін және өзі туралы мәліметтерді айта алмаған. Сол кезде полицейлер баланың суретін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарата бастаған.
"Баламен психолог жұмыс істеп жатқан уақытта, ата-анасы да табылды. Әкесі мен анасы туыстарына перзентханаға кетіп қалған екен, ал балалары Сырым Датұлы көшесінің бойындағы үйдің ауласында қалған. Ойнап жүріп, ол үйінен алыстап кеткен", - деді полиция өкілдері.