Атырау тұрғындары көшеде жасөспірімдерді тексеріп жатқанына алаңдаулы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Көрнекі сурет: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Көрнекі сурет: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Атырау тұрғындары көшеде жасөспірімдерді тексеріп жатқанына алаңдаулы. Мәлімтке сүйенсек, балаларды полиция тоқтатып, олардың жеке заттарын тексереді екен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Атырау тұрғындары көшеде жасөспірімдерді тексеріп жатқанына алаңдаулы. Мәлімтке сүйенсек, балаларды полиция тоқтатып, олардың жеке заттарын тексереді екен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Атырау тұрғынының сөзінше, 1 ақпанда 15 жастағы ұлын екі досымен бірге құқық қорғау органдарының қызметкері жеке заттарын тексеру үшін тоқтатқан.

"Олар Құрылыс алаңы маңындағы аллеяда серуендеп жүрген. Жанына ер адам келіп, полиция куәлігін көрсетіп, сөмкелері мен қалталарын көрсетуді талап еткен. Ұлым не үшін екенін сұрағанда, полицей тыйым салынған препараттарды іздеп жүргенін айтқан", - деді қала тұрғыны.

Атырау тұрғынының жазбасына осыған ұқсас жағдайларды суреттеген бірнеше пікір пайда болған. Ата-аналар балаларын адам көп жиналатын жерде тоқтатып, сөмкелерін тексеретінін айтады.

"Бұл қаншалық заңды? Балалар кәмелетке толмаған, қызметкерлер тексергісі келсе, заңды өкілдерін шақырған жөн шығар" - дейді ата-аналар.

Өңірдің Полиция департаменті өкілдері бүгінгі күнге дейін бұл мәселе бойынша азаматтардан арыз-шағым түспегенін айтты.

"Қаңтарда кәмелетке толмағандар арасында тыйым салынған заттарды анықтау бойынша мақсатты тексеріс жүргізілген жоқ. Балаларға қатысты заңсыз әрекеттер анықталған жағдайда кез келген азамат кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау және құқықбұзушылықтарды анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізу үшін құқық қорғау органдарына хабарласуға құқылы", - деп түйіндеді полицияның баспасөз қызметі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 504.72  course up  546.79  course up  5.9  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer