Атырауда 1,5 жасар бала жоғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда 1,5 жасар бала жоғалды

Атырауда 150-ден астам тұрғын 1,5 жасар баланы іздеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қоғам белсендісі Олжас Сұлтановқа сілтеме жасап.


Атырауда 150-ден астам тұрғын 1,5 жасар баланы іздеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қоғам белсендісі Олжас Сұлтановқа сілтеме жасап.

Бала 20 мамыр күні сағат 13.30-да шыққан және оралмаған. Есімі - Әли, 1,5 жаста, оң аяғын сілтіп басады.

Жергілікті тұрғындар бірнеше сағат бойы іздеді. Құқық қорғау органдары, волонтерлар да көмектесіп жатыр. Жұлдыз шағын ауданының 150-ден астам тұрғыны, 50-ге жуық волонтер және 20 әскери қызметкер іздеп жатыр.

Аzh.kz басылымы көрші үйдегі бейнебақылау камерасының жазбасында баланың аулада жүргенін, содан соң бет алған жаққа кете бергенін атап өткен. Олжас Сұлтановтың айтуынша, анасы баланы аулада қалдырып, бірнеше минутқа үйіне кірген. Кейін шықса, бала жоқ. Бірден іздеген.

Үш дронмен іздестірілді, аулалар, қоқыс алаңдары, суағарлар түгел тексерілген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 491.31  course up  567.34  course up  6.2  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети