Атырау облысы Индер ауданында мүмкіндігі шектеулі жандарға 2 миллион теңге кем төленген, - деп хабарлайды ATPress.kz.
Атырау облысы Индер ауданында мүмкіндігі шектеулі жандарға 2 миллион теңге кем төленген, - деп хабарлайды ATPress.kz.
Басылым мәліметінше, Атырау облысы прокуратурасының сайтындағы ақпаратқа сәйкес Индер ауданында мүмкіндігі шектеулі жандарға заңнамада көрсетілген, мерекелік және атаулы күндерде берілетін әлеуметтік төлемдер жасалмаған.
Бұл жағдай 2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін орын алып, аудандық прокуратураның тексеруі кезінде анықталған. Қадағалау органының араласуынан кейін, 151 мүмкіндігі шектеулі жандарға екі миллион теңгеден аса сомада кепілді әлеуметтік көмек төленген. Жұмыспен қамтамасыз ету бөліміндегі кінәлі тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.