НАУРЫЗДЫҢ ТОЙЛАНУЫ. 21 НАУРЫЗ

Атырауда ауа сапасы он есеге дейін нашарлап кеткен

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Турар Казангапов Фото ©️ Турар Казангапов

Кейінгі күндері Атырауда ауа сапасы күрт нашарлап, лас заттардың шекті мөлшері бірнеше есеге артқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайыққа" сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Кейінгі күндері Атырауда ауа сапасы күрт нашарлап, лас заттардың шекті мөлшері бірнеше есеге артқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайыққа" сілтеме жасап.

Экология департаментінің мәліметінше, 17-18 наурыз күндері №17 ластаушы бақылау бекеті мен №114 "Загородная" атмосфералық ауа сапасын бақылау станцияларында күкіртсутектің мөлшері рұқсат етілген шектен 1-4 есеге дейін асып түскен. Сол күндері жел оңтүстік-батыс және батыс бағыттарда соғып, жылдамдығы 2-7 м/с аралығында болды.

"18-19 наурыз күндері "АМӨЗ ЖШС-не тиесілі "Мирный" станциясында күкіртсутек мөлшері 4 есе, "Перетаска" станциясында 1 есе, №103 "Шағалада" 5 есе, 109 "Восток" станциясында 8 есе, №111 "Жилгородок" станциясында 4 есе, №112 "әкімдікте" 10 есе, №113 "Авангард", №114 "Загородная" және №5 "Құрсай" станцияларында 1-5 есеге дейін артқаны анықталған", - деп жазылған хабарламада.

18-19 наурыз күндері қаладағы қолайсыз экологиялық жағдайға байланысты Атырау облысының экология департаменті, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және "Қазгидромет" РМК бірлесіп, ауа сапасына мониторинг жүргізген.

Сынамалар "Квадрат" булану алаңында, Атырау қаласының 5 шақырым аумағында, "ҚазТрансОйл" АҚ-ның оңтүстік беткейіндегі санитариялық қорғау аймағынан тыс жерде, сондай-ақ, "Атырау мұнай өңдеу зауытының" санитарлық қорғау аймағынан тыс жерлерде алынған.

"Зерттеу барысында ауадағы күкіртсутек (H₂S), көмірсутек (C₆-C₁₀) және бензол (C₆H₆) мөлшері тексерілді. Нәтижесінде "Квадрат" булану алаңында рұқсат етілген шектен асу дерегі тіркелді", - деп жазылған хабарламада.

"19 наурызда сағат 05:00-05:20 аралығында №111 "Жилгородок" станциясында күкіртсутек мөлшері 11 есеге, ал №112 "әкімдік" станциясында 10,7 есеге артқаны анықталды", - деді департаменттің баспасөз қызметі өкілі.

Экология департаменті қаладағы ірі кәсіпорындардың экологиялық заңнама талаптарын сақтауына қатысты жоспардан тыс тексеріс тағайындады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro