21 маусым 2020 | 13:52

Атырауда аурухана коронавирус жұқтырған науқастарға толы - басқарма басшысы

Фото: azh.kz

Атырау қаласында аурухана коронавирус жұқтырған науқастарға толы, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ATPress сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырау қаласында аурухана коронавирус жұқтырған науқастарға толы, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ATPress сайтына сілтеме жасап.

№2 облыстық ауруханасы 180 орынға шақталған. Алайда бүгінде мұнда 200-ге жуық науқас ем қабылдап жатыр. Бұл мәселені шешу үшін Махамбет аудандық туберкулез ауруханасында 100 орынға шақталған жаңа бөлім ашылды.

Реклама
Реклама

"Жағдай өте ауыр, жұмыс қарқынды режимде жүріп жатыр. Бұл жағдайға қарамастан медицина қызметкерлері барлық науқасты қарап, емдеп жатыр. Олардың арасында жағдайы ауыр науқастар да бар. Оларды біз жан сақтау бөліміне және жұқпалы аурулар стационарына жібереміз", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.

Өңірдегі барлық дәрігер штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Өткен тәулікте Атырау облысында коронавирус жұқтырудың 16 дерегі тіркелді: Атырауда - 13, Теңіз кен орнында - 2, Құлсарыда - 1.

Айта кетейік, осыған дейін бас дәрігер Ақтөбе ауруханасындағы даулы видеоға қатысты пікір білдіргені хабарланған еді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная