21 маусым 2020 12:09

Бас дәрігер Ақтөбе ауруханасындағы даулы видеоға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде Ақтөбе ауруханасында коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдамай жатқаны туралы видео тарады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желіде Ақтөбе ауруханасында коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдамай жатқаны туралы видео тарады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Instagram желісінде @ztb_kz парақшасында видео жарияланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Ситуация с коронавирусом в стране ухудшается - в больницах нехватка мест ⠀ В Казахстане эпидемиологическая ситуация резко ухудшается, поэтому в некоторых городах и регионах на эти выходные ввели строгий карантин. ⠀ Казахстанцы начали снимать фото и видео с больниц, демонстрируя нехватку мест и отказы врачей принимать больных. Некоторые медучреждения настолько переполнены, что пациенты лежат в коридорах или их вовсе отправляют домой.

Публикация от Сетевое издание «ZTB.KZ» (@ztb_kz)

Видеода алдымен жедел жәрдем қызметінің көліктерін көруге болады. Көліктердің мемлекеттік нөмірі - "04". Ол Ақтөбе облысына тиесілі. Кейін жазба авторы аурухана төсегінде отырған адамдарды видеоға түсірген. Онда әйел медиктерден қорғаныш киімдері, ауруханалардың науқастарды қабылдап жатқаны туралы сұрақ қояды. Медицина қызметкерлері науқастарды қабылдамай жатқанын меңзеп, бастарын шайқайды.

"Бізге науқастарды кешкі сағат 17.00-ге дейін қабылдау туралы бұйрық берілді. Сағат 17.00-ден кейін науқастарды теміржол ауруханасына жатқызу керек еді. Оларды 17.00-ге дейін қабылдаған дәрігерлеріміз жаңадан келген науқастарды қарау үшін жоғарыға көтерілді. Алайда теміржол ауруханасы науқастарды қабылдаған жоқ. Оларда кадр мәселесі бар. Науқастардың саны 200-ден асып кетті", - дейді Ақтөбе медицина орталығының бас дәрігері Рүстем Исаев "Диапазон" басылымына берген сұқбатында.

Оның айтуынша, мұндай мәселе туындаған соң науқастарды Ақтөбе медицина орталығы қабылдай бастаған.

"Бізге "науқастарды қабылдаңдар" деген бұйрық түсті. Кеше мен осында болдым. Барлық науқасты қабылдап, оларға көмек көрсеттік. Ақтөбе медицина орталығы провизорлық госпиталь ретінде толық жұмыс істеп тұр, пневмониямен ауырғандарды қабылдап жатыр. Кеше (19 маусым) және бүгін ауруханаға 210 науқас түсті", - дейді бас дәрігер.

Рүстем Исаев жедел көмек қажет науқастарды жедел жәрдем ауруханаларына және медициналық орталықтарға жіберіп жатқанын атап өтті.

"Кейбір науқастарды ауруханадан шығарып, амбулаториялық емделуге жіберіп жатырмыз. Поликлиникаларда күндізгі стационарды аштық. Яғни жағдайы жақсарған науқастар поликлиникаларда ем қабылдай алады. Күндізгі стационарлар таңертеңнен кешке дейін жұмыс істейді. Біз тәулік бойы еңбек етіп жатырмыз. Ауруханамыздағы 2-3 бөлім науқастарға толы. Онда 210 науқас жатыр. Ауру ешкімді аямайды", - дейді Ақтөбе медицина орталығының бас дәрігері.

Айта кетейік, Ақтөбе облысында 610 адам коронавирус жұқтырған. 314 науқас дертінен айықты, 1 адам қайтыс болды.

Елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 17 мыңнан асты. 10 671 науқас жазылды, 118 адам аурудан көз жұмды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети