Атырауда полицейлер психотроптық заттарды заңсыз сақтады деген күдікпен әйел адамды ұстады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ведомство мәліметінше, операцияны есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері №2 полиция пунктінің учаскелік инспекторларымен бірлесіп жүргізген.
"Күдікті қала аумағындағы үйлердің бірінің ауласында ұсталды. Тексеру барысында одан 159 құты "Тропикамид" препараты тәркіленді", - делінген хабарламада.
Қылмыстық кодекстің 301-бабы 1-бөлігі ("Улы заттардың, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді немесе улы заттарды дайындау немесе қайта өңдеу үшін пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция департаменті психотроптық заттардың заңсыз айналымы қоғам үшін үлкен қауіп төндіретінін және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.
Әйел бес жылға дейін мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру