Атырауда әйелдердің кеудесін тексеретін кабинетке бейнекамера орнатылған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда әйелдердің кеудесін тексеретін кабинетке бейнекамера орнатылған Фото: azh.kz

Атырауда маммографиядан өткен әйелдер кабинетке орнатылған бейнекамераға байланысты шағымдарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "АқЖайық" мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда маммографиядан өткен әйелдер кабинетке орнатылған бейнекамераға байланысты шағымдарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "АқЖайық" мәліметіне сілтеме жасап.

Мән-жайы

Әйелдердің айтуынша, тексеру кезінде бейнебақылаудың болуы стресс тудырып, медициналық мекемеге деген сенімді әлсіретеді.

Пациенттердің сөзінше, оларға алдын ала хабардар етпеген және оған кімнің, қандай негізде қол жеткізе алатынын түсіндірмеген

Онкология диспансерінің пікірі

Осыған байланысты Атырау облыстық онкология диспансерінің әкімшілігі ресми түсініктеме беріп, бейнебақылау жүйесін орнату мақсатын және оған қол жеткізу тәртібін түсіндірді.

"Маммография кабинетіне бейнебақылау жүйесі қауіпсіздік талаптарына және жоғары технологиялық медициналық жабдықты пайдалану жөніндегі техникалық регламенттерге сәйкес орнатылды. Жүйе жабық контурда жұмыс істейді және медициналық ұйымның ортақ желісіне қосылмаған. Медициналық және техникалық қызметкерлер мониторға немесе бейнежазба архивіне қол жеткізе алмайды, сондықтан процедура кезінде пациентті көрмейді", - деп хабарлады диспансер.

Мекемеде жүйеге қол жеткізу қатаң шектелгені де атап өтілді.

"Қауіпсіздік жөніндегі ішкі бұйрыққа сәйкес, жүйеге қол жеткізу және бейнежазбаларды қарау құқығы тек аурухана директорына ғана берілген. Видеотіркеу қымбат мемлекеттік мүлік - маммографиялық аппараттың сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ даулы медициналық жағдайлар туындаған кезде пациенттердің құқықтарын қорғау үшін жүргізіледі", - деп түсіндірді диспансер.

Медициналық мекемеде барлық деректердің қорғалғаны жеке атап өтілді. Олардың сөзінше, ақпарат қорғалған серверде шифрланған түрде сақталады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзім өткен соң автоматты түрде жойылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 508.96  course up  598.66  course up  6.34  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети