Атырауда бір көшеде 30 жаяу жүргіншілер белгісі орнатылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры

Атырау облысында бір көшеде 30 жаяу жүргіншілер жолағы орнатылған. Тұрғындардың айтуынша, белгі тұрғанымен, көлік жүргізушілері оны елеп жатқан жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында бір көшеде 30 жаяу жүргіншілер жолағы орнатылған. Тұрғындардың айтуынша, белгі тұрғанымен, көлік жүргізушілері оны елеп жатқан жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атыраудағы Еркінқала ықшам ауданында орналасқан көше әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен болатын. Себебі бір көшенің өзінде 30 жаяу жүргіншілер жолағы орнатылған.

"Мемлекеттік сараптамадан шыққан құжаттамаға сәйкес мердігер мекеме жобаны жасақтап жатыр. Жоба бойынша әр белгі көрініп тұр. Белгі салынбауы керек дегеннің өзінде ол жобада тұрған нәрсе. Жоба әлі қабылданбаған. Қабылданған күні әр белгіні қабылдап аламыз. Сондықтан мердігер мекеменікі дұрыс. Жобада тұрса, салынуы керек. Бәрі біткен соң жолдағы жолақтар сызылады. Артынша біз жобаны қабылдап аламыз", - дейді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар бөлімінің бас маманы Қуанышбек Қабдығали.

Жоба 2018 жылы жасақталған. Алайда ол әлі күнге дейін жасалып жатқан көрінеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети