25 наурыз 2022 | 12:54

Атырауда дау туғызған Абай ескерткішіне қанша ақша төленгені айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:azh.kz

Атырау облысының әкімдігі облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты қылмыстық істе айтылған Абай Құнанбаевтың ескерткішіне қанша ақша төленгені туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысының әкімдігі облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты қылмыстық істе айтылған Абай Құнанбаевтың ескерткішіне қанша ақша төленгені туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Самат Емберген құрылысқа 72,5 миллион теңге төленгенін айтты.

"2021 жылғы 3 қарашада жеткізушімен құны 145 миллион теңге болатын Абай Құнанбаевтың ескерткішін орнатуға келісім жасалған. 2021 жылы бөлінген сома 72,5 миллион теңге", - деді әкім орынбасары.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, нысан қазіргі уақытта пайдалануға берілген жоқ.

"Құқық қорғау органдары осы жоба бойынша тергеу жұмыстарын бастағанына байланысты қалған соманы аудару мүмкін емес", - деп қосты ол.

Емберген сот шешімі шыққанға дейін келісімшартты қайта қарау мүмкін емес, себебі бұл Қазақстан заңнамасының талаптарына қайшы келетінін атап өтті.

Еске салайық, 30 желтоқсанда Атыраудағы Абай атындағы орталық маңында Абай ескерткіші ашылған болатын.

Дәл осы ескерткіш Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты қылмыстық істе көрсетілген. Ол 10 желтоқсанда ұсталды. Хаменова мен Мәдениет басқармасының басшысы Рысқалиев 4,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген болатын. Егер әкім орынбасарының кінәсі дәлелденсе, ол 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная