30 желтоқсан 2021 15:51

Атырауда Абай Құнанбаевтың ескерткіші ашылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: atpress.kz Фото: atpress.kz

Атырауда Абай орталығы алдына ақын, ағартушы Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі atpress.kz сайтына сілтеме жасап.


Атырауда Абай орталығы алдына ақын, ағартушы Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі atpress.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайт мәліметінше, ескерткішті белгілі елордалық мүсінші Асқар Нартов жасаған. Биіктігі 11 метр. Ескерткіш Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған.

Ескерткіштің ашылу салтанатына қоғам белсенділері, мемлекеттік қызметкерлер, ардагерлер мен жастар қатысқан. Жиналғандарды облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов құттықтады.

"Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай облыста бірқатар шара өтті. Ел тәуелсіздігінің мерейтойына орай ұлы ақын, ойшыл Абайдың ескерткішін ашып отырмыз. Бұл облыс үшін тарихи оқиға. Өйткені, Абай Құнанбаев - бүкіл әлемге әйгілі ақындардың бірі", - деді облыс басшысы өз сөзінде.

Ескерткіштің ашылу құрметіне арналған дәстүрлі лентаны Махамбет Досмұхамбетов пен Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ілия Жақанов қиды. Шара соңында жаңа ескерткішке гүл шоқтары қойылған.

Сурет: atpress.kz

"Ақ Жайық" мәліметінше, Атырауда 145 миллион теңге жұмсалған осындай ескерткішті бір жыл бұрын Павлодар әкімдігі 55 миллионға орнатқан. Авторы бір - Асқар Нартов.

Айта кетейік, дәл осы ескерткіш Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты қылмыстық істе көрсетілген болатын. Ол 10 желтоқсанда ұсталды. Хаменова мен Мәдениет басқармасының басшысы Рысқалиев 4,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген болатын.

Әкімнің орынбасары 10 күн үйқамақта болды, содан кейін сот алқасы Хаменованы екі айға тергеу изоляторына қамау туралы шешім шығарды. Егер әкім орынбасарының кінәсі дәлелденсе, ол 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети