Қазақстанда тағы бір әуежай қашан ашылатыны айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда тағы бір әуежай қашан ашылатыны айтылды Кескін нейрожелі көмегімен жасалған

Қазақстандықтар танымал курорттық аймаққа тікелей ұшу мүмкіндігіне ие болады. Сенат кулуарында Нұрлан Сауранбаев Кендірлідегі жаңа әуежайдың іске қосылу мерзімі туралы айтты, деп хабарлайды Tengri Travel.


Қазақстандықтар танымал курорттық аймаққа тікелей ұшу мүмкіндігіне ие болады. Сенат кулуарында Нұрлан Сауранбаев Кендірлідегі жаңа әуежайдың іске қосылу мерзімі туралы айтты, деп хабарлайды Tengri Travel.

Толығырақ

Нұрлан Сауранбаев алғашқы сынақ рейстері биыл іске қосылуы мүмкін екенін, ал толыққанды тұрақты ұшулар 2027 жылға жоспарланғанын айтты.

"Негізгі рейстер келесі жылы басталады. Билет құнына қатысты мәселе әзірге ашық қалып отыр", – деді ол.

Министрдің айтуынша, әуе билеттері бағасы әкімдіктерге - олардың туристерді тартуға деген қызығушылығы мен рейстерге бөлінетін субсидиялар көлеміне байланысты болады.

Курорттық аймақ туралы

Кендірлі – Маңғыстау облысында, Ақтаудан оңтүстікке қарай шамамен 210 шақырым және Жаңаөзеннен 70 шақырым жерде орналасқан Каспий теңізіндегі курорттық аймақ әрі шығанақ. Бұл жер өзінің құмды қайраңымен, таяз суымен және Ақтау жағалауымен салыстырғанда жылырақ суымен танымал.

Мән-жайы

2024 жылы Қазақстанның үш курорттық аймағында жаңа әуежайлар салу үшін жер телімдері белгіленгені белгілі болды. Осындай жобалардың бірі – Кендірлі.

Салынып жатқан Кендірлі әуежайы үшін жоспарланған бағыттар арасында Нүкіс, Баку және Астрахань, сондай-ақ Қазақстанның ішкі бірқатар бағытына арналған рейстер бар.

Бір жылдан кейін, 2025 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кендірлі курорттық аймағында әуежай құрылысын жеделдетуді тапсырды. Ол Маңғыстау облысының әлеуеті зор екенін және Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыруда маңызды рөл атқара алатынын атап өтті.

TengriTravel
;