Атырауда екі баланың анасы кәмелетке толмағандарға притон ұйымдастырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда екі баланың анасы кәмелетке толмағандарға притон ұйымдастырған © Tengrinews.kz иллюстрациясы

Атырауда екі баланың анасы кәмелетке толмағандарға притон ұйымдастырғаны үшін жазаланды, - деп хабарлайды Azh.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда екі баланың анасы кәмелетке толмағандарға притон ұйымдастырғаны үшін жазаланды, - деп хабарлайды Azh.kz.

Басылымның мәліметінше, 2015 жылдың қыркүйегінде сот 32 жастағы әйелді ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы ("Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық") және 132-бабы ("Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тарту") бойынша кінәлі деп танып, оны 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын кескен еді.

"Алайда сот сотталушының екі кішкентай баласы бар екенін ескеріп, оның жаза өтеу мерзімін 5 жылға шегерді", - дейді Атырау қалалық пробация қызметінің инспекторы Айзере Дәулетбаева.

2020 жылдың қазан айында бұл мерзім аяқталғаннан кейін жеңгетай УГ-157/9 мекемесіне (әйелдер колониясы) жіберілді. Балаларын туысы қамқорлыққа алды дейді ведомстводағылар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети