Атырауда екі жарым ай бұрын өзенге батып кеткен ер адамның денесі табылды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда екі жарым ай бұрын өзенге батып кеткен ер адамның денесі табылды

Атырауда биыл қыста балық аулап жүріп мұзға құлап кеткен 49 жастағы ер адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда биыл қыста балық аулап жүріп мұзға құлап кеткен 49 жастағы ер адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

Құтқарушылар 49 жастағы тұрғынның мәйітін 22 наурызда таңертең сағат 9.30 шамасында Жұмыскер-Балықшы көпірінің астынан алып шықты. Марқұмды іздестіру жұмыстары осыдан 5 күн бұрын жанданған еді.

Еске салайық, жыл басында Жұмыскер ауылы маңындағы көлік көпірі астынан екі адам балық ауламақ болған кезде мұз ойылып, суға түсіп кеткен болатын. Оқиға орнына жеткен мамандар бір адамды судан аман алып шықты. Ал екіншісін он күн іздеп таппаған соң іздестіру жұмыстары тоқтатылған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети