21 қаңтар 2024 | 14:35

Атырауда екі орта мектептің оқушылары төрт ауысымда оқуға мәжбүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Атырауда екі орта мектептің оқушылары төрт ауысымда оқуға мәжбүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24KZ сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Атырауда екі орта мектептің оқушылары төрт ауысымда оқуға мәжбүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24KZ сайтына сілтеме жасап.

Бұған мердігерлердің жауапсыздығы себеп. Олар білім ұяларындағы толық жөндеу жұмыстарын уақытылы аяқтамаған. Жалпы былтыр қала бойынша бес мектеп күрделі жөндеуге жабылып, үшеуі қолданысқа берілген. Облыс орталығындағы нөмірі 19 және 27 мектептің оқушылары екі тоқсан бойы басқа білім ұяларын сағалап жүр. Мысалы мынау 24-мектепте 1200 бала үш ауысымда оқып жүр. Енді оларға тағы 600 оқушы қосылған. Соның кесірінен мектеп төрт ауысымдық жүйеге ауысқан.

"Қиындық туындады. Ата-аналар тарапынан да наразылықтар бар. Себебі уақытымызды шектеп отырмыз. 24-тің де, 27 мектептің оқушыларына да уақыт шектеулі болып отыр. Қазіргі таңда 4 ауысымдық мектеп болып отырмыз. Солай дәріс беріп жатырмыз", - дейді №24 мектептің директоры Әлия Еділбаева.

Қалада былтыр бес мектеп күрделі жөндеуге жабылған. Құрылыс жұмыстарына бюджеттен 1 млрд 700 млн теңге бөлініп үш білім ошағы жаңа кейіпке енді. Ал қараша айында тапсырылуы тиіс екі мектептің жөндеу жұмыстары созылып барады. Білім басқармасы жауапсыз мердігерлерді сотқа беруге мәжбүр болған. Сырттан келіп тендер ұтқандардың не техникасы, не материалдық базасы жоқ боп шықты. Содан олардың жұмысқа қосымша мердігер тартқаны белгілі болды.

"27-мектепке тоқталатын болсақ, оған бюджеттен қаралған сома 470 млн ақша қаралды. Оның аяқталуы уақыты 27 желтоқсан 2023 жылы еді. Басқа облыстың мердігері Атырау облысынан емес. Мұнда туындаған мәселе аяқталуы суб подряд бойынша туындап отыр. Сотқа бергеннің өзінде де ол мердігер жұмысын істеп жатыр", - дейді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Тілекқабыл Байдошев.

Жалпы Атырау облысында күрделі жөндеуді қажет ететін 62 мектеп бар. Олар 2029 жылға дейін кезең-кезеңімен жаңғыртылады. Ал былтыр жөндеуі басталып, аяқсыз қалған екі мектептің жыры әзір бітпейтін сияқты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 512.52   544.72   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети