Атырауда ер адамға өгей қызын зорлады деген айып тағылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: © elements.envato.com Фото: © elements.envato.com

Атырауда ер адамға 13 жастағы өгей қызын зорлады деген айып тағылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Атырауда ер адамға 13 жастағы өгей қызын зорлады деген айып тағылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

Оқиға туралы "НемолчиKZ" қоғамдық қоры Facebook желісіндегі парақшасында жазды. Олардың мәліметінше, оқушы қызды өгей әкесі бірнеше жылдан бері зорлаған. Кезінде өгей әкенің ағасына да педофил деген айып тағылған, бірақ судья оны кінәсіз деп босатқан.

"Қазір Атырауда 13 жастағы қыздың жағдайы қиын. Педофил-өгей әкесі күнде оған және анасына қорқытып, аудиохабарлама жолдайды. Баланың психикасы шаршаған! Ол оның ағасы жазадан құтылғанын біледі және бірнеше жылдан бері зорлаған соң бала әбден қорқып қалған. "Қорқу" деген жұмсақ айтылған десек те болады. Оның салған суреттеріне қарап, біз қыз үшін нағыз сұмдық екенін көріп отырмыз. Психологтар дабыл қағып, психиатрлардың көмектесуін сұрап отыр", - деп жазды қор өкілдері.

Қордың мәліметінше, қыздың анасы - отбасында жалғыз асыраушы. Онымен бірге тағы үш баласы бар. Бірақ үлкен қызын қалдырудан қорыққаннан жұмыс істей алмайды. Бұрынғы күйеуінің отбасы оларды көшеде қалдырып кеткен. 

Қор өкілдері Атырау облысы Полиция департаментінің басшысы Хамза Үмбетқалиевке қыздың өгей әкесін қамауға алу туралы өтінішпен жүгінген.

Атырау облысы ПД баспасөз қызметіндегілер аталған дерек бойынша ҚР ҚК 121-бабы 4-бөлігіне сәйкес (Кәмелетке толмаған балаға қатысты сексусалды сипаттағы зорлық әрекеттер) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді. 

"Қазір шұғыл-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Істі жан-жақты, толық және шынайы тергеу үшін сот сараптамалары тағайындалды. Соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім шығарылады. Департамент басшылығы қылмыстық істің тергелуін жеке бақылауына алды", - деп мәлімдеді полициядағылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro