Атырауда жанармай бекетінде көлік өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда жанармай бекетінде көлік өртенді видео кадры

Атырауда полицей жанармай бекетінде өртенген көлікті сөндіріп, қауіптің алдын алды. Полиция оқиға орнында түсірілген кадрларды жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда полицей жанармай бекетінде өртенген көлікті сөндіріп, қауіптің алдын алды. Полиция оқиға орнында түсірілген кадрларды жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, бүгін, 7 қаңтарда сағат 10:20 шамасында Атырау полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны қызметкері Данияр Жәрдемғали түнгі ауысымнан кейін үйіне қайтып бара жатқан. Осы сәтте ол қаладағы жанар-жағармай бекетінде Nissan автокөлігінің отқа оранып жатқанын байқаған.

Полицей дереу әрекетке көшіп, өртеніп жатқан көлікке жақындап, оттың жанармай бекетіне таралып кетпеуі үшін оны қауіпсіз жерге қарай итеріп апарды. Кейін өрт сөндіру құралын пайдаланып, жалынды ауыздықтаған.

Осылайша, өртсөндірушілер келгенге дейін жалын тез арада сөндірілді.

Оқиға орнында зардап шеккендер жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети