01 қыркүйек 2017 | 13:41

Атырауда жедел жәрдем көлігімен мал тасымалдағандарға қатысты түсінік берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mgorod.kz © mgorod.kz

Атырау тұрғындары жедел жәрдем көлігімен қой тасыған. Бірақ қалалық жедел жәрдем станциясының өкілдері бұл көліктің оларға тиесілі емес екенін айтып отыр, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".


Иконка комментария блок соц сети

Атырау тұрғындары жедел жәрдем көлігімен қой тасыған. Бірақ қалалық жедел жәрдем станциясының өкілдері бұл көліктің оларға тиесілі емес екенін айтып отыр, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Басылымның мәліметінше, жедел жәрдем көлігі 31 тамызда Құрбан айт мерекесі қарсаңында "Тума" мал базарында жүрген. Көлік бірден бірнеше малды алып кеткен. Бұл жағдай, әрине, тұрғындардың наразылығын тудырды. Олар жедел жәрдем көлігі науқастарға көмектесудің орнына қалада мал тасымалдап жүргеніне ашуланды.

Басылымның мәліметінше, медициналық көлікте мал тасымалдау барлық санитарлық ереже мен нормаларға қайшы.

Өз кезегінде жедел жәрдем станциясындағылар "103" көлігінің оларға тиесілі емес екенін айтады.

"Біздің көліктердің барлығы шақыртуда болды, ешқайсысы да "Тума" базарына барған жоқ. Онымен қоса, ол көлікте "103" деген жазу жоқ. Бұл көлік Атыраудағы жекеменшік клиникалардың біріне тиесілі шығар", -  деді жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Гүлнафис Танбаева.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети