25 ақпан 2021 | 15:45

Атырауда жер учаскесі 12 мың теңгеге сатылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов

Атырауда жер учаскесі 12 мың теңгеге сатылды. Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының аудиті барысында қазынаға сатылған учаскелер үшін 152 миллион теңге түспегені белгілі болған, - деп хабарлайды ATPress.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Атырауда жер учаскесі 12 мың теңгеге сатылды. Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының аудиті барысында қазынаға сатылған учаскелер үшін 152 миллион теңге түспегені белгілі болған, - деп хабарлайды ATPress.kz.

Бюджетті тексеру барысында жерді жалға беру және сату келісімшарты бойынша, оның ішінде, квитанция мен төлем сомасы сәйкес келмейтіні анықталған. Мысалы бір жағдайда бір учаскесін сатудан қазынаға 120 миллион теңгенің 12 мың теңгесі ғана түскен.

Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Аслан Құмаровтың айтуынша, Атырау облысы бойынша 2020-2021 жылдарға арналған мемлекеттік аудит нысандарының тізбесіне сәйкес, биыл қаңтарда қалалық жер қатынастары бөлімі жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің тұтастығы жағынан мемлекеттік аудит жүргізілген.

"Бес шарт бойынша бюджетке шамамен 151 миллион теңге түсті. Осы деректерге сүйеніп, біз қылмыстың негізгі белгілерін анықтау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне барлық қажет құжатты жібердік", - деді Аслан Құмаров.

Айта кетейік, былтыр тексеру комиссиясы 174 атыраулық ұйым бойынша жалпы сомасы 71 миллиард теңгелік келісімшарт бойынша 12 тексеру жүргізді. Нәтижесінде жалпы сомасы шамамен екі миллиард теңгеге заңбұзушылық анықталып, 166 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети