Атырауда армениялық нөмірі бар BMW көлігінің жүргізушісі 1 миллион 83 мың 420 теңгеге жол ережесін бұзған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" порталына сілтеме жасап.
Атырауда армениялық нөмірі бар BMW көлігінің жүргізушісі 1 миллион 83 мың 420 теңгеге жол ережесін бұзған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" порталына сілтеме жасап.
15 қазаннан Атырау облысында "Борышкер" шарасы жүргізіліп жатыр. Ол мен 15 қарашаға дейін жалғасады. Шараның мақсаты - жол ережесін бұзған жүргізушілерден айыппұл өндіру.
"Армениялық нөмірі бар көлік 55 рет жол ережесін бұзған. Жүргізуші бірнеше рет шекті жылдамдықты асырған. Бұл заң бұзушылықтар көлік қозғалысын бақылайтын және фото, видеотіркеуді жүргізетін "КОРДОН М-2" және "КОРДОН М-4" кешендерінің бейнебақылау камераларына тіркелген. Жүргізуші 1 миллион теңгеге жол ережесін бұзған", - делінген Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметін таратқан хабарламада.
Сонымен қатар, тәртіп сақшылары көлік жылдамдығын 40 рет асырған ВАЗ-21144 жүргізушісін анықтаған.
"Ол 666 мың 720 теңгеге жол ережесін бұзған. Сондай-ақ, Ресейде тіркелген ВАЗ-21014 жүргізушісіне жылдамдықты 28 рет асырғаны үшін 494 мың теңгеге, әрі ВАЗ-2108 жүргізушісіне жол ережесін 21 рет бұзғаны үшін 333 мың теңгеге айыппұл салынған", - делінген хабарламада.
Патрульдік полиция қызметкерлері салынған айыппұлды уақытында төлемеген тағы 37 жүргізушіні ұстаған. Олардың көліктері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 785-бабына сәйкес айыппұл тұрағына қойылды.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, автокөлік иелері оларға қанша айыппұл салынғанын Әбілқайыр хан көшесі, 55 мекенжайындағы әкімшілік полиция басқармасынан біле алады. Анықтама телефондары: 98-23-06, 98-23-28.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!