08 қаңтар 2021 12:27

Атырауда жүргізуші итті көлігіне байлап сүйреген

Атырауда жүргізуші итті көлікке байлап, көшемен сүйреген. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда жүргізуші итті көлікке байлап, көшемен сүйреген. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әлеуметтік желілерде видео жарияланған соң полиция қызметкерлері ондағы жүргізушіні іздестіре бастаған. 

Реклама
Реклама

"Аталған факт бойынша Атырау тұрғыны, автокөлік жүргізушісі анықталып, ұсталды. Қылмыстық кодекстің 316-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр", - деді полиция өкілі.

Осыған ұқсас оқиға Екібастұзда да болған. Онда итті көлігіне байлап "қыдыртқан" 72 жастағы ер адам анықталған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram