09 қаңтар 2021 13:49

Атырауда жүргізуші көлігіне байлап сүйреген ит тірі қалды

Атырауда еріктілер жүргізуші көлігіне байлап сүйреген итті тауып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда еріктілер жүргізуші көлігіне байлап сүйреген итті тауып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ит табылған сәттің видеосы Instagram-дағы Help_animals_atyrau парақшасында жарияланды.

Реклама
Реклама

"Ит өлімнен аман қалды, полиция қоңырауынан кейін еріктілер бірден жолға шықты, ит дереу клиникаға апарылды, клиникаға оны емдеп, жарасын өңдегендері үшін көп рақмет, итке ауырсынуды басатын дәрі салынды, жаралары мұқият өңделіп, дәрумендер егілді. Көріп отырғаныңыздай, видеода ол төрт аяқтап ауруға шыдап тұрды, сондай ақылды, жаралары өте терең, 2-ші видеода жарасынан қиыршық тас шығарылып жатыр, дәрігер ем тағайындады, көмектесемін дейтіндерге қуанатын едік", - деп жазды парақша әкімшілері.

Олардың айтуынша, көлік жүргізушісі келтірген жарақат бойынша сараптама жүргізіледі.

Еске салайық, Атырауда жүргізуші итті көлікке байлап, көшемен сүйреген. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тараған болатын.

"Аталған факт бойынша Атырау тұрғыны, автокөлік жүргізушісі анықталып, ұсталды. Қылмыстық кодекстің 316-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр", - деді полиция өкілі.
 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОФ "Доброе Сердце"♥️ (@help_animals_atyrau)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram