Атырауда журналист Олеся Вертинскаяға шабуыл жасаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атырауда журналист Олеся Вертинскаяға шабуыл жасаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"19 шілдеде сағат 9.30 шамасында Жұмыскер ықшамауданы Муталиев көшесінде "Дорожный контроль" ақпараттық порталының тілшісі Вертинская зардап шекті. 1999 жылы туған күдікті ұсталды", - делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары бұл дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігі "Адамның қызметтік жұмысын жүзеге асыруына немесе кәсiптiк немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты осы адамға немесе оның жақындарына қатысты денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру" бойынша тергеліп жатқанын айтты.
Басқа мәлімет Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.
Еске салайық, бұған дейін белгісіз біреу "Дорожный контроль" басылымының журналисі Олеся Вертинскаядан көмек сұрап, кейін соққыға жыққан.
Әйелді өтіп бара жатқан адам құтқарып қалды, Олесяның ұлы жедел жәрдем шақырған. Компьютерлік томографияда мұрны сынғаны анықталды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!