Атырауда мектеп жасындағы қыздардың жүкті болып қалу жағдайлары азайған. Бұл туралы қала әкімі Серік Шәпкенов қоғамдық кеңес отырысы барысында айтты, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".
Атырауда мектеп жасындағы қыздардың жүкті болып қалу жағдайлары азайған. Бұл туралы қала әкімі Серік Шәпкенов қоғамдық кеңес отырысы барысында айтты, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".
Кеңес мүшелері күн тәртібіне бес проблемалық мәселені қойды - деструктив діни ағымға бет бұрған жастар, суицид жағдайлары, жастарды еңбекпен қамту, жастар арасында қылмыс санының өсуі мен ерте жүктілік мәселелері.
"2016 жылы есепке 23 жүкті оқушы қыз алынған, ал 2017 жылы олардың саны 8 болды. Биыл жыл басынан бері қалалық білім беру бөлімінің мамандары 4 қызды есепке тұрғызды", - дейді қала әкімі.
Әкімнің айтуынша, осы төрт қыздың барлығы отбасын құрғанын және кешкі уақытта сабаққа баратындарын айтып өтті.
Сондай-ақ, атыраулық 200 оқушы қыздың 1 қыркүйекте мектепке орамалмен келгені анықталды. Басылымның мәліметінше, Атырау облысында салафизм ұстанушы 2 000 адамның 65 пайызы жастар екен.