Атырауда кәсіпкер өз көлігінде жатқан 12 миллион теңгеге тонау ұйымдастырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда кәсіпкер өз көлігінде жатқан 12 миллион теңгеге тонау ұйымдастырған ©️ depositphotos.com

Атырауда жергілікті кәсіпкер жалған ақпар жеткізгені үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда жергілікті кәсіпкер жалған ақпар жеткізгені үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

2023 жылдың қыркүйегінде Атырау полициясына дизель отынын сататын кәсіпкер банк маңында тұрақта тұрған көлігінен 12 миллион теңге ұрланғаны туралы шағыммен хабарласқан. Полицей кәсіпкерге жалған мәлімдеме жасаудың салдары болатынын ескерткен.

Тергеу барасында ұрлықты кәсіпкердің өзі ұйымдастырғаны белгілі болды. Ол құрылысшымен келісіп, көліктен ақша ұрлауды ұйымдастырып, ол үшін екі миллион теңге берген.

Сот кәсіпкерді ауыр қылмыс жасады деген айыппен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 419-бабы 3-бөлігі "Көрінеу жалған хабарлау" бойынша кінәлі деп таныды. Ол үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді. Екінші қатысушыға да көмек көрсетті деген айып тағылған. Екеуі де кінәсін мойындап, өкініп, нәтижесінде сот айыпталушыларды үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети