Атырауда құжаты 3 көлікке тіркелген жүргізуші анықталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда құжаты 3 көлікке тіркелген жүргізуші анықталды

Атырау облысында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Іс-шараның алғашқы күні Ресейден әкелінген көлік құжаты 3 көлікке тиесілі екені анықталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысы Полиция департаменті мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Іс-шараның алғашқы күні Ресейден әкелінген көлік құжаты 3 көлікке тиесілі екені анықталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысы Полиция департаменті мәліметіне сілтеме жасап.

Ақтау-Атырау тасжолында патрульдік полиция қызметкерлері жылдамдықты асырғаны үшін Toyota Ipsum Ресей автокөлігін тоқтатып әкімшілік хаттама толтырған. Автокөлік құжаттарын тексерген кезде автокөліктің тіркеу белгісімен маркасы сәйкес келмейтіні анықталған.

"Яғни, мемлекеттік белгі Nissan Fuga және "Маз" автокөліктеріне тіркелгені анықталды. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 386-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қоғалды", - деді, Атырау облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Берік Амангелді.

Сондай-ақ, облыс аумағында Қазақстан аумағында жалған тіркеу нөмірі мен құжаты бар 100-ден аса ресейлік автокөлік анықталған.

"Көлікті сатып алған адам көлік Ресейде тіркеуде тұр деп ойлайды. Егер ол сенімхатпен немесе сақтандыру полисі негізінде сатылса, иесі көлік салығын төлеймін деп кез келген уақытта одан бас тартады. Ал Қазақстандық жүргізуші жол апатына түссе, сақтандыру төлемін ала алмайды", - дейді полиция өкілі.

Ведомство мәліметінше, биыл 10 айда өңірде өзге мемлекеттердің тіркеуінде тұрған автокөліктерді басқарған жүргізушілер кінәсінен 62 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 17 адам қаза болып, 75 адам дене жарақаттарын алған. Сондай-ақ, шетелдік автокөліктермен жол жүру ережесін бұзған 4096 әкімшілік құқықбұзушылық факт анықталған.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов ресейлік нөмірлі оң рөлді көлік иелеріне не істеуі керегін айтқаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети