29 қаңтар 2023 15:12

Атырауда мектеп мұғалімінен А гепатиті анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz Tengrinews.kz

"Ақ Жайық" мәліметінше, 35 жастағы бастауыш сынып мұғалімі өзін нашар сезініп, жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Ақ Жайық" мәліметінше, 35 жастағы бастауыш сынып мұғалімі өзін нашар сезініп, жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық білім бөлімі мұны жазбаша растап, 12 және 13 қаңтарда денсаулығына байланысты сабаққа қатыспағанын нақтылады. Бұған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты облыс орталығындағы барлық мектеп екі күн бойы қашықтықтан оқытуға көшті.

Санитария-эпидемиологиялық бақылау басқармасы осы жағдайдан кейін оқушылардың денсаулық жағдайына күнделікті мониторинг жүргізілетінін, сабақта үш күннен артық қалса, олар учаскелік дәрігердің анықтамасы болған жағдайда ғана сабаққа жіберілетінін хабарлады. Мұғаліммен байланысқан тұлғаларға медициналық бақылау орнатылды, барлық оқушының жеке медициналық карталары және оқытушылардың медициналық карталары тексерілді.

"Кабинеттердің күнделікті тазалығы мен жалпы тазалығы міндетті түрде дезинфекциялық құралдарды қолданумен ерекше бақылауға алынды. Белсенді су ішу режимі сақталып, санитарлық-ағарту жұмыстары аясында дәрістер мен әңгімелер өткізіліп жатыр. Қазір басқа науқас адам жоқ.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 26 мамырдағы бұйрығымен бекітілген "Вирусты гепатит пен АИТВ-инфекциясы бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға" сәйкес 2021 №DSM-44, гепатит инфекциясы анықталған кезде мектепті жабу талап етілмейді. Ауырған мұғалім қазір стационарлық емделуде", - делінген мекеменің жауабында.

Басылым мәліметінше, 17 қаңтарда қала мектептерінің бірінің директоры ашық туберкулезбен ауырған. Ал осыған байланысты өткен шұғыл баспасөз мәслихатында спикерлер бір айдағы екінші төтенше жағдай туралы неге үнсіз қалды деген сауалға қалалық білім бөлімі жауап берді: "биыл 19 қаңтарда Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг мектеп директорында анықталған туберкулезге арналды".

А вирусты гепатиті - "Боткин ауруы" немесе "сары ауру", тамақ пен су арқылы жақсы таралатын вирустан туындаған бауырдың жедел жұқпалы ауруы. ДДCҰ деректері бойынша жыл сайын 1,4 миллионға жуық адам А гепатитін жұқтырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети